Ұлт болашағы – жастардың рухани кемелдігіне байланысты

0

Ұлт болашағы – жастардың рухани кемелдігіне байланысты. Осы жолда Ассамблеяның тәрбиелік әлеуетін кеңінен пайдалану – уақыт талабы. Қоғамдық келісім мен рухани даму – осындай нақты бастамалар арқылы жүзеге асады.

Ассамблея ардагерлері мен жастар ұйымдарының бұл үдеріске белсене араласуы аса маңызды. «Ассамблея жастары», Студенттік ассамблея, Жас ғалымдар клубы мен «Жаңа толқын» сынды құрылымдар мыңдаған жасқа бірлік пен патриотизмнің, әділдік пен жауапкершіліктің шынайы мектебіне айналып отыр.

«Адал азамат» ұғымы – тек жеке тұлғаның мінезі ғана емес, бұл – тұтас ұлттың болмысына тән рухани өлшем. Адалдық – қоғамның желімі. Ол болған жерде сенім бар, бірлік бар, болашаққа берік қадам бар.

Набижон Салахатдинов, Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.