«БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН»

0

Білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі аудандық Мәдениет үйінде өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Астана қаласында өткен ұстаздардың республикалық Тамыз конференциясында: «Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер…» деп, бүгінгі қоғамдағы педагог мамандығы мәртебесінің үстем екенін кезекті рет айқындап берген болатын. Шын мәнінде ұстаздардың қажырлы еңбегі еленетін, алдағы оқу жылына дайындықты еселейтін тамыз кеңесі педагогтар мен ардагер ұстаздардың басын қосты.

Педагогтардің дәстүрлі тамыз кеңесіне аудан әкімі орынбасарлары, маслихат төрағасы мен депутаттары, ауыл әкімдері, қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің төрағасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, жалпы орта білім беру мекемелерінің директорлары, арнаулы орта білім беру оқу орындарының директорлары, кәсіподақ ұйымының өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері, педагогикалық және еңбек ардагерлері, ата-аналар қауымдастықтары мен білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Алдымен әріптестері алдында аудандық білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбеков өткен жылы атқарылған жұмыстар, ұстаздар мен оқушылардың жеткен жетістіктері турасында баяндама жасап, алдағы жылға жоспарларымен бөлісті.

Осыдан соң ұстаздар қауымын аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов құттықтады. Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың ыстық сәлемін жолдаған Бақыт Оңласынұлы жаңа 2025-2026 оқу жылына ауданымыздың ұстаздар қауымына сәттілік тіледі.

Осыдан кейін білім берудегі қажырлы еңбегі үшін бірқатар ұстаздарға марапаттар ұсынды. Ұстаздармен қатар осы күні «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мектептердегі кіші қамту қызметкерлері құрметке бөленді. Мәселен, осы күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хатымен білім беру мекемелеріндегі кіші қызметкерлер Үсен Бектұрғанов, Замира Бейсеева, Анаркүл Әлімжанова, Майгүл Жанабаева, Қаламқас Сатова, Гулсара Сүлейманова, Орал Ерлепесова марапатталды. Сонымен қатар, облыс бойынша «Үздік шағын жинақталған мектеп» номинациясы бойынша №34 Мәмбет Смағұлов атындағы орта мектебі үздік деп танылса, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Құрмет грамотасымен Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Ораздыбаев, №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Эльмира Сансызбаева, №35 Рза Қунақова атындағы орта мектебі директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Жорабекова, № 23 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Диляра Қасымбекова марапатталып, №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің директоры Динара Болатбек Алғыс хатқа ие болды. Осылармен бірге, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Н.Оршубековтің Құрмет грамотасына «Ақ бота» балалар бақшасының меңгерушісі Саракүл Заурбаева, №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейі директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Ильясова, №8 Өтеген батыр атындағы орта мектебі директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жанар Баймаханбетова ие болса, Алғыс хатпен Талғат Бигельдинов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сауле Карибаева, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Мақпал Мухамбетова марапатталды.

Ал, Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Клара Битикова, №26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебінің музыка мен көркем еңбек пәні мұғалімі Галина Кириллова, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлназ Татибекова, №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жанар Алимкулова, №34 Мәмбет Смағұлов атындағы орта мектебінің математика мен информатика пәнінің мұғалімі Нурипа Малибекова марапатталды.

Ұстаздарды құттықтау легіне аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов қосылып, бірқатар ұстаздарға марапат ұсынды. Мәселен, аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына осы күні №41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мике Чаймухамедов, № 1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жібек Тұрғанова, Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сабина Турдахунова, Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Майра Ақылбекова, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтинур Маманова ие болды.

Тамыз кеңесі барысында ардагер ұстаздар да назардан тыс қалмады. Оларға жүрек жарды тілегін жеткізген бөлім басшысы Санат Әшірбеков сый-сияпат ұсынды.

Сондай ақ, білім бөлімі тарапынан, Қордай ауданының кәсіподағы мен аудандық білім бөлімінің бірлескен грамотасымен бір топ мұғалімдерге марапат ұсынылды.

Республикалық білім беру мекемелері арасында ұйымдастырылған «ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҮЗДІК ҰЙЫМ» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын, 2024-2025 оқу жылының мектеп рейтингі қорытындысы бойынша үздік мектептерді құттықтау және Қордай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен аудандық «Табысты іс-әрекет: Старт. Үдеріс. Нәтиже. Түйін» байқауының жеңімпаздарын марапаттау үшін сахна төріне аудандық кәсіподақ төрайымы Қарлығаш Қыпшақбаева шақырылып, нәтижемен таныстырды. Нәтиже бойынша 2024-2025 оқу жылының мектеп рейтингісінде №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейі көш бастап І орынға шықса, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы ІІорында, №43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі ІІІ орыннан көрінген.

Ал, республикалық «ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҮЗДІК ҰЙЫМ» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары ретінде ауданның 9 мектебі ІІІ орынға ие болса, 3 мектеп ІІ орынға жайғасқан, ал, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі І орынды өзара бөліссе, Бас жүлде №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейіне бұйырыпты.

Барлық жеңімпаздарға сахна төрінен құрмет көрсетіліп, әріптестер қошаметіне бөленді.

Осы орайда, Тамыз кеңесінің басынан бастап соңына дейін концерттік бағдарламаларымен қамтамасыз етіп, жүргізушілерімен сүймелеудеуде тамаша еңбек сіңірген аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы қызметкерлерін ерекше атап өткен жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.