Тәуелсіздігіміздің мызғымас кепілі

0

Құрметті аудан тұрғындары! 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның Конституциясы қабылданды. Еліміздің басты құжатында халықтың ерік-жігері, оның Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде құруға ұмтылысы, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары көрсетілген. Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Конституция – Тәуелсіздігіміздің мызғымас кепілі саналады. Тәуелсіздік жылдарында Ата Заңымыз ел бірлігін нығайтумен бірге тұрақтылық пен келісімнің темірқазығына айналып үлгерді. Бүгінде қастерлі Конституциямыз жасампаздықтың жарқын үлгісі әрі игі істердің қайнар көзі ретінде бабаларымыздың сан ғасырлық үмітін, еркіндікке деген ұмтылысын бейнелейтін ең маңызды құжат болып есептеледі. Ата Заңымыздың арқасында заманауи мемлекет құра алдық. Біз мұны зор мақтанышпен айта аламыз. Біз Конституцияны негізге ала отырып, қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштықты нығайтуға, жеке тұлғаның шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін арттыру үшін барлық қажетті жағдайды жасауға күш саламыз. Құрметті жерлестер! Әр шаңырақтан бақыт пен береке кетпесін. Отанымыздың гүлденуі жолында жаңа белестерді бағындырып, толағай табысқа бірге жетейік!

Құрметпен, Қордай ауданының әкімі, Бегзат БОЛАТБЕКОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.