Интернет-алаяқтықтың алдын алатын 7 қағида

0
  1. TikTok, Instagram, Facebook, Telegram, «OLX.KZ», «Market.KZ», «Kolesa.KZ», «Krisha.KZ» желілерінде түрлі күмәнді сатылымдар бойынша ақша аударып, сауда жасамаңыз. Тегін ірімшік тек қақпанда ғана болады.
  2. Сілтемеге өтуді меңзейтін хабарламалардан сақ болыңыз. Күмәнді хабарламалардағы сілтемені баспаңыз.
  3. Әлеуметтік желіңізге немесе электронды поштаңызға келген күдікті хабарламаны дереу толығымен өшіріп тастаңыз. «Акция!», «Сіз жеңімпаз болдыңыз!», «Сіз смартфон ұттыңыз!», «Сіз автомобиль ұттыңыз!», «Сізге пошталық сәлемдеме келді!» деген хабарламалар – алаяқтардың әрекеті!
  4. Егер сіз абайсызда күмәнді хабарламадағы сілтемені басып қойған болсаңыз, антивирустық бағдарламаны қосып, жүйені толық тексеріп шығыңыз. Сізге келген хабарламаның заңдылығын тексеру үшін компаниямен тікелей байланысыңыз немесе олардың веб-мекен-жайын енгізу арқылы веб-бетіне кіріп тексеріңіз. Алайда хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы веб-бетке өтпеңіз.
  5. Хабарласқан бөгде адамдарға жеке немесе қаржылық деректеріңізді ешқашан айтпаңыз. Хабарламадағы кодты ешкімге бермеңіз. Жеке куәлігіңіз бен банкоматтық карточкаларыңыздың фотосуреттерін, ЖСН және банктердегі есепшот нөмірлеріңізді ешкімге жолдамаңыз.
  6. WhatsApp мессенджерінде байланысқа шыққан бейтаныс номердің хабарламасын ашпаңыз, ол хабарламаны басқа таныстарыңызға жолдамаңыз.
  7. Күдікті сайттардағы, WhatsApp мессенджеріндегі «оңай ақша көбейтетін» топтарға кірмеңіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.