Жүректен жүрекке!

0

Қордай аудандық мәдениет үйінің «Coworking» орталығында, «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірлесуімен қайырымдылық акциясы өткізілді.

Акцияға бірлестік президенті, әрі жоба менеджері Еркін Әбдиев және аз қамтылған әлеуметтік осал топтағы отбасылары қатысты.

Шараның басты мақсаты – қоғамда мейірімділік пен өзара қолдау мәдениетін нығайту, әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру. Бұл іс-шара әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, әсіресе аз қамтылған отбасылар мен қиын жағдайға тап болған жандарға материалдық және моральдық қолдау көрсетуге бағытталды. Ұйымдастырушылар қайырымдылықтың тек көмек берумен шектелмей, адамдар арасындағы сенім мен сыйластықты арттырудың маңызды құралы екенін атап өтті. Акция аясында қатысушыларға мейірімділік пен қайырымдылықтың қоғамдағы орны, оның адамдар өміріне тигізетін оң әсері турасында айтылды. Сондай-ақ, акцияда қатысушылардың бойында жанашырлық, ортақ іске бейімділік, бір-біріне қамқор болу сезімін қалыптастыру көзделді. Іс-шарада көмек алушылардың тұрмыс сапасын жақсарту, олардың жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне жағдай жасау да қарастырылды. Қайырымдылық акциясы нәтижесінде қайырымдылық мәдениетін дамыту, тұрақты түрде игі істер ұйымдастыру және қоғамдағы әлеуметтік бірлікті нығайтуға негіз қаланды.

«Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті әрі жоба менеджері Әбдиев Еркін Қайырбекұлы – ауданымыздағы әлеуметтік осал топтағы балаларға көрсетілетін қолдау түрлерін атап өтті. Атап айтқанда, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оқу үдерісінде қажет болатын қосымша материалдар беру, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік жасау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған үйірмелерге тарту сияқты бағыттар қамтылды. Ұйымдастырушылар әрбір бала жаңа оқу жылын қажетті жабдықтармен, көтеріңкі көңіл-күймен бастауға тиіс екенін атап өтті. Мұндай шаралар балалардың әлеуметтік бейімделуіне, өзіне деген сенімін арттыруға және оқуда жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпек. Жиын барысында балалар мен ата-аналарға рухани демеу көрсетіліп, болашаққа деген үміттері мен ынталарын күшейтуге бағытталған жылы лебіздер айтылды.

Шара соңында қатысушылар қызықтырған сауалдарын қойып, жауаптар алды. Сондай-ақ, 15 қатысушыға көмектер көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.