«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 20-бабына сәйкес сайлау комиссияларының қызметі алқалылық, жариялылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылады.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаушыларды ақпараттандыру және сайлауды ұйымдастыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. БАҚ-та материалдарды орналастыру, медиакоммуникациялық алаңды қамтамасыз ету, әлеуметтік желілерде аудандық сайлау комиссиясының парақшаларын жүргізу және сайлауды ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға, «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізілді.
Сайлау үдерісінің ақпараттық ашықтығын, транспаренттілігін қамтамасыз ету, электоралды сауаттылық деңгейін және халықтың сайлауға белсенділігін арттыру мақсатында аудандық сайлау комиссия жұмысының ақпараттық сүйемелдеудің 2025 жылға арналған МЕДИА-ЖОСПАРЫ бекітілді.
Ақпаратты тарату үшін дәстүрлі және цифрлық арналармен жұмысы БАҚ, ресми сайттар, сондай-ақ әлеуметтік желілерді қолдана отырып, бекітілген медиа-жоспар негізінде жүргізілді. Азаматтардың негізгі назары сайлаудың барысы мен өткізу ережелері туралы жедел, шынайы және қолжетімді ақпараттандыруға аударылды.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы өңірлік БАҚ-пен ынтымақтастықтың жүйелі тәсілі құрылды.
«Қордай шамшырағы» газет тиражының 6000-ға жуық данамен аудан халқына екі тілде таралады, сонымен қатар, газеттің электрондық нұсқасы https://mayak1932.kz/ сайтында және 16000 оқырманы бар korday_mayak инстаграмм парақшасында жарияланады.
Аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде 38 материал жарияланды, оның ішінде:
— Заңнамада көзделген міндетті жарияланымдардың саны – 26;
— Аудандық сайлау комиссиясының қызметі туралы 12 ақпараттық жарияланым жарияланды.
Медиакоммуникациялық алаңдарды пайдалану.
Ақпараттық кеңістікті цифрландыруды ескере отырып, медиаплатформалардағы жұмыс жандандырылды:
Қордай ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында барлығы 84 материалдар жарияланды, оның ішінде: 26 міндетті жарияланым және қосымша ақпараттық 58 хабарлама орналастырылған.
Әлеуметтік желідегі парақшаларды жүргізу және насихаттау
Facebook әлеуметтік желісінде аудандық сайлау комиссиясының ресми парақшасы ашылып, жұмыс істеуде. Пікірлерге мониторинг жүргізіліп, сұрақтар мен ықтимал түсінбеушіліктерге жедел әрекет етіледі. Жыл басынан бері парақшада 81 жарияланым орналастырылды.
Ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету және қауесеттер мен дәйексіз мәліметтердің таралуының алдын алу үшін ақпараттық өріске күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Қордай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 ақпандағы №65 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес тақта саны 8-ге ұлғайды және 51-ді құрайды. Ауданның барлық елді-мекендері қамтылды.
Қордай ауданының 19 ауылдық округтерінің барлығы ақпараттық баннер құрылғылармен қамтылған, бүгінгі күнге саны 72. Дегенмен, 19 ауылдық округтері ішінде 4 елді мекендерде ақпараттық баннер құрылғылармен қамтамасыз етілмеген болатын.
Осы мәселе бойынша аудан әкімдігімен жұмыс жүргізіп, Бәйтерек және Қалғұты ауылдарында баннер құрылғылары орнатылды. Ал Беріктас және Күнбатыс-2 ауылдарында орын белгіленді, құрылғылар орнату үстінде.
Сайлауға дайындық және оны өткізу шеңберінде әкімдік визуалды қолжетімділігі жоғары негізгі позицияларға орнатылған баннерлік құрылғыларды ұсынады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 38-бабына сәйкес, сайлаушыларды дауыс берудің уақыты мен орны туралы хабардар ету тәсілдерінің бірі — шақыру қағаздарды тарату.
Шақыру қағаздарды тарату екі негізгі қызметті атқарады:
- Дауыс беруді өткізу күні, уақыты және орны туралы сайлаушыларды хабардар ету;
- Сайлаушылар шақыру қағаздарда орналастырылған QR-кодты сканерлеу арқылы кандидаттар туралы ақпаратпен таныса алады.
Ағымдағы жылы ауданда 6 ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді. Аудандық сайлау комиссиясы сайлаушыларға берілетін А5 форматтағы шақыру қағаздарының 21945 данасын және халық көп жиналатын орындарға орналастыру үшін А3 форматтағы шақыру қағаздарының 170 данасын дайындады.
Жалпы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы кезінде сайлаушыларға шақыру қағаздарын тарату барысында шақыру қағаздарын алған — 20023 сайлаушылар, немесе 91,2 пайыз.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 21945 сайлаушының 13771-і сайлауға қатысты, яғни орташа қатысу көрсеткіші 62,75 пайыз.
Жастарды сайлау мәдениетіне баулу және олардың азаматтық белсенділігін арттыру – комиссия қызметіндегі маңызды басымдықтардың бірі ретінде түрлі іс-шаралар арқылы іске асырылуда.
Дәстүр бойынша, 2025 жылғы 5, 6 және 7 ақпандағы «Дүниежүзілік сайлау күніне» орай, Қордай аудандық сайлау комиссиясы ұйымдастырған іс-шаралар өткізілді.
«Дүниежүзілік сайлау күніне» арналған іс-шаралар бағдарламасына сәйкес, №7 Бетқайнар колледжінің білімгерлерімен, «Қордай» Гуманитарлық-экономикалық колледжінің» білімгерлерімен және М.Ю.Лермонтов атындағы №16 орта мектептің 10-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстелдер, кездесу ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай еліміздің білім беру мекемелерінде 02-17 қыркүйек аралығында бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, 10-11 сынып оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.
Солардың бірі — болашақ сайлаушылар арасында өткізілген «Сайлау — азаматтық жауапкершіліктің көрінісі» тақырыбындағы республикалық сайлау диктанты және «Сенің даусың – сенің үнің», «Сайлау – әділетті қоғам құрудың бастамасы» тақырыптарында жазылған эсселер арасында «Үздік эссе» номинациясы бойынша конкурс өткізілді. Нәтижесінде 10-11 сынып оқушылары арасынан диктант жазу бойынша үздік деп танылған 6 жеңімпаз және «Үздік эссе» номинациясы бойынша ұйымдастырылған конкурс бойынша 6 жеңімпаз анықталып, 2025 жылдың 15 қыркүйекте мадақтама қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
2025 жылғы 15 қыркүйекте «Гуманитарлық-техникалық «Береке» колледжінде аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының қатысуымен қонақ дәрісі өткізілсе, 17 қыркүйегінде №14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары «Мектеп президентін сайлау» бойынша іскерлік ойынын өткізілді.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау процесіне белсенді қатысуын ынталандыру мақсатында аудандағы жоғары сынып оқушыларының қатысуымен 7 бейнеролик түсірілді.
Іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, белсенді азаматтық көзқарасын дамытуға және сайлау процесінің маңызын ұғынуға зор үлес қосты.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы жастармен жүргізілетін іс-шаралардың жүйелілігін сақтап, жаңа форматтар енгізуді, сондай-ақ алдағы уақытта ашықтық пен коммуникациялық икемділік қағидаттарын ұстана отырып, медиа алаңда тиімді жұмыс істеуді мақсат етіп отыр.
А.Сырлыбаев, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы