ҚАДІРЛІ ЖАНДАРҒА ЕРЕКШЕ ЫҚЫЛАС

0

1 қазан — бүкіл әлемде Халықаралық қарттар күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн — өмірін елге қызмет етуге, ұрпақ тәрбиесіне, қоғам дамуына арнаған аға буын өкілдеріне деген құрмет пен ризашылықты білдіретін айтулы мереке.

 

Осыған орай Қордай ауданында да бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылып, құрмет көрсетілді. Аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов пен Қоғамдық кеңес төрағасы Нұржан Молдабеков Қордай ауданы мен Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ауданның өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер азамат Төле Сүгірбайдың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Құрметті қарияға ізгі тілектерін білдіріп, иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. Ардагер де өз кезегінде көрсетілген ықылас пен ілтипат үшін ризашылығын білдіріп, елдің ынтымағы мен болашағына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, дәл осы күні аудандық мәслихат төрағасы Қоғамдық кеңес мүшелерін де құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене араласып жүрген кеңес мүшелерін марапаттады. Атап айтқанда, Еркін Әбілдаев, Қырғызбай Батыров және Кенжекүл Ағыбаева Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Марапат иелеріне зор алғыс айтылып, қоғамдық өмірге белсенді араласқаны және ел игілігі жолындағы еңбегі ерекше атап өтілді.

Бұл шаралар — үлкенге құрмет, кішіге өнеге көрсетудің жарқын үлгісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.