ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШТЕРІ НЕГІЗІНДЕ

0

Масаншы ауылдық округінің Күнбатыс-2 елді мекенінде жолдарды қиыршық тасты толтыру арқылы жөндеу жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілді. Бұл жұмыстар тұрғындардың округ әкімдігіне жасаған өтініштері нәтижесінде жүзеге асырылды.

Тұрғындардың ұсыныстары мен талаптарына жауап ретінде, жергілікті әкімдік жол сапасын арттыру мәселесіне назар аударып, жөндеу жұмыстарын қолға алды. Аталған жөндеу жұмыстары «Батыс» көшесін қамтып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған. Жергілікті әкімдік бұл жобамен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сонымен қатар, ауыл ішіндегі автокөліктердің ағынын реттеуді мақсат етіп отыр.

Бұл ретте, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған үш бірдей техника жұмылдырылды.

Техника мен жұмысшылардың іске қосылуы жергілікті азаматтар үшін маңызды, себебі, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы –  басты мақсат.

Жөндеу жұмыстары «Еренбай» жеке кәсіпкерлігі тарапынан жүзеге асырылды. Бұл мердігерлік мекеме өз саласында тәжірибелі, жауапты және кәсіби мамандардан құралған. Олар өз жұмыстарын сапалы атқарып шықты.

Жергілікті әкімдік алдағы уақытта да ұқсас жобаларды қолға алуды жоспарлап отыр. Ауыл ішінде атқарылатын жұмыстар тұрғындардың өмір сапасын көтеруге оң әсерін тигізетіні анық.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.