МУЗЕЙ АЛДЫ ТАРИХИ ТАСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

0

«Музейге сый тарту» акциясы аясында аудандық тарихи-өлкетану музейінің алды Масаншы ауылының тұрғындары тарту еткен көне тастармен толықты. Олардың қатарында диірмен тастары мен өзге де тарихи мәні бар ежелгі ескерткіштер бар.

Алғаш болып «Қарақоңыз ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы орналасқан Масаншы ауылының тұрғыны Назарбек Шалғынбаевтың рұқсатымен оның ұлы Алмас бірнеше көне тастарды музейге сыйға тартты. Бұл игі бастаманы ауылдың өзге де тұрғындары жалғастырып, музей қорына тағы да бірнеше тастар сыйлады.

Аудандық тарихи-өлкетану музейі Масаншы ауылының тұрғындарына тарихқа деген құрметі мен мәдени мұраға қосқан үлестері үшін шынайы алғыс білдіреді!

Бүгінде бұл көне тастар музей ауласының көркін арттырып, өткен дәуірдің үнсіз куәсіндей болып тұр. Көптеген келушілер олардың жанында естелік суретке түсуді ұнатады.

Алия КИЗИРОВА, аудандық тарихи-өлкетану музейінің әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.