Қордай ауданы әкімдігінің баспасөз орталығының ақпарат алаңында, Алға ауылдық округінде 2025 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Спикер, ауыл әкімі Берік Әбілдаевтың хабарлауынша, ауылдық округте 180 орындық бір орта мектеп, 50 орындық жекеменшік балабақша, 3 медициналық пункт, 1 кітапхана, 1 пошта, 130 абоненттік АТС және бір мешіт бар. Алға ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі 20 922,0 га. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 8964,6 га, елдімекен жерлері 11 001,0 га, өнеркәсіп, көлік байланысы 153,1 га, босалқы жерлер 803,3 га. Егістік – 4091,7 га, оның ішінде суармалысы – 297,5 га, шабындық – 3794,2 га, жайылым жерлер – 16803,3 га.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сай Алға ауылындағы мемлекеттік мекемелер – 1 мектеп, медпункт, әкімшілік, полиция бөлімшесі кеңжолақты интернет желісімен қамтамасыз етілген.
Көгадыр ауылының медпункті «ALTEL» компаниясының интернетімен қамтылған. Алға ауылдық округі аудан орталығынан ара қашықтығы 20 шақырым. Алға ауылдық округі бойынша 2025 жылы 10 айда халық саны – 1110 (оның ішінде Алға 827, Көгадыр 196, Мұзбел 87) адам, ал үй саны – 230 (оның ішінде Алға 145, Көгадыр 46, Мұзбел 39) құрайды. Ауылдық округ бойынша 2025 жылдың 10 айында 13 нәресте дүниеге келді.
Көгадыр ауылының медициналық пунктіне көгілдір отын кіргізуге жобалық құны 22 млн 643,0 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға кіргізілуде.
Сонымен қатар, таяуда Көгадыр ауылында суды тазартатын кешенді блок-модульдің ашылу рәсімі өтіп, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Ауылға кешенді блок-модуль арқылы су жүйесін кіргізген мердігер – «Қордай Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорны. Мұзбел ауылын газдандыру бойынша «АРС Проект» ЖШС-мен 3 669,9 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан салалық басқармаға құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім тапсырылды. Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша, ағымдағы жылғы көктемгі және күзгі абаттандыру барысында Алға ауылында 18 сенбілік ұйымдастырылып, жалпы 250 ден астам азамат сеңбілікке қатысты. Сенбілік барысында мемлекеттік мекемелердің және жеке кәсіпкерлердің ғимараттары мен маңайлары, көшелер, арықтар тазаланып, қураған ағаштар бұталып, күл-қоқыстар шығарылды. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған жоспарға сәйкес 5 бағытта жұмыстар атқарылды. Ауылдық округте жайылым жетіспеушілігін жою мақсатында 4 775,2 га 5 шаруа қожалығымен, 1 жеке кәсіпкер, 1 ЖШС-мен меморандум жасалды.
Маусымдық жайылымға жайылым жоспарына сәйкес 8 780 бас мал басы сыртқа шығарылды.
Әділет САТЫШЕВ