Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 05 қарашадағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» № 385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

0

Қордай ауылы                  №411                    24.11.2025 жыл

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 05 қарашадағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» № 385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 05 қарашадағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» № 385 қаулысының 1 тармағындағы «Айтбаев Булат Дюсебаевичтің» деген сөздер «Айтпаев Жан-Турган Булатовичтің» деген сөздерге ауыстырылсын;

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін;
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Қордай ауданының әкімі                             Б.Болатбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.