Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облысы және Қордай ауданының Құрметті азаматы, облысымыз бен ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға Төле Аманжолұлы Сүгірбайдың 85 жасқа толуына орай тағылымды шара өтті.
Жиынға аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Нұржан Молдабеков, аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекемелер өкілдері, аудан жастары қатысты.
Кездесу барысында ардагер өткен еңбек жолындағы естеліктермен бөлісті.
«Жалпы, менің өмір жолымда жаны жайсаң жақсы адамдар көп кездесті. Ұдайы жолымды ашып отырды десем болады. Аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Нұрқасым Сырлыбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, пейілі кең, жаны жайсаң кісі еді. Мені күні кеше ғана мектеп бітірді, жоғарғы оқу орнына жаңа ғана түскен деп олқысынбай Күнбатыс мектебіне математика пәнінің мұғалімі етіп жіберді. Екі жылдан соң өзім оқыған Қаракемер мектебіне ауыстырды. 1969-1976 жылдар аралығында мектеп директоры болдым. 1994-2012 жылдар аралығында Қордай аудандық мәслихатының алғашқы төрт шақырылымының депутаты, әрі мәслихат хатшысы қызметтерін атқардым. Әрбір азамат өз ісін адал, таза істесе, еліміз көркейіп, дами түседі. Таза жұмыс жасаған азамат қашанда құрметті болады», — дейді Төле Аманжолұлы.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметте жүрген жандарға өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, ағалық, аталық ақылын айтқан азаматқа қатысушылар тарапынна алғыс айтылды. Жиында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов бастаған азаматтар естеліктерімен бөлісіп, Төле Сүгірбайдың еңбек жолы мен қызмет жолындағы ерекшеліктеге тоқталды. Кездесу соңында Төле Аманжолыұлының иығына дәстүрге сай шапан жа
Кеш кейіпкері жастарға өнегелі сөздерін айтып, батасын беріп, естелік суретке түсті.