БАСТЫ ТАЛАП – ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Workflow: {}
0

Қордай ауданында тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жұмыстар қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Ауыз сумен қамту, елді мекендерді газдандыру, жол инфрақұрылымын жақсарту және экологиялық ахуалды оңалту бағытындағы кешенді жобалар ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуына тың серпін беріп отыр. Бұл туралы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі атқарылған

АУЫЗ СУ – ӨМІР ӨЗЕГІ

Бүгінгі таңда Қордай ауданында орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 37-ге жетіп, бұл жалпы ауылдардың 90,2 пайызын құрайды. Соңғы жылдары таза ауыз су мәселесін шешу мақсатында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, Шарбақты ауылында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Күнбатыс-2 ауылында су құбыры желісін салу жұмыстары 100 пайызға орындалды. Ал Гвардейск пен Алға ауылдарында ауыз сумен қамту мақсатындағы тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.

Сонымен қатар, Көгадыр елді мекеніне су тазартудың кешенді блок-модулі орнатылып, бұл жоба 2025 жылғы аудандық бюджеттен қолдау тауып, бүгінгі күнге толық аяқталды. Аталған жобалар кезең-кезеңімен іске қосылып, аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

ГАЗДАНДЫРУ: АУДАН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛУҒА ЖАҚЫН

Қордай ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамту бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бәйтерек ауылын газдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге қажетті қаражат көлемі айқындалды, тиісті ұйымдастыру жұмыстары қолға алынған.

Сонымен бірге, Гвардейск қалашығын газдандыру бойынша «Бақыт таңы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 42,5 миллион теңгеге келісімшарт жасалып, жобаның 1,2-кезеңіне арналған құжаттамалар әзірленіп, сараптама қорытындылары алынған.

Ал Бел, Мұзбел және Аңырақай ауылдарына ауылішілік газ құбырларын жүргізу бойынша «АРС проект» ЖШС тарапынан жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Аталған жобалардың жалпы сметалық құны 604,8 миллион теңгені құрайды. Нәтижесінде Қордай ауданының барлық елді мекендері 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Қордай ауданында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең көлемде жүзеге асырылды. Көктемгі абаттандыру нәтижесінде 5 мың ағаш отырғызылып, 200 шаршы метр көгал орналастырылды. Сонымен қатар, 20 шақырым арық пен канал бойы тазаланып, 1900 тонна кездейсоқ күл-қоқыс шығарылды. Жалпы 9 сенбілікке 8550 адам қатысты.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында «Taza Like» бағдарламасы аясында «Болашақты бірге отырғызамыз», «Таза кәсіп — таза аймақ», «Таза жағалау», «Жасыл қала», «Жасыл аула», «Таза аула – таза қала/аудан», «Жаңару күні», «Түлектердің ағашы» атты бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 6500 ағаш отырғызылып, 25 шақырым арық пен канал тазаланды, 2500 тонна қоқыс шығарылып, бұл жұмыстарға 12 300 адам тартылды.

Елді мекендерді көгалдандыру және «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында Қордай ауданында биыл 20 мыңға жуық ағаш егілді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ-мен бірлесіп жүргізілген мониторинг барысында заңсыз қоқыс тасталған 82 нүкте анықталып, олардың барлығы бүгінгі күнге толығымен жойылды.

Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» акциясы және аудан әкімінің «Күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары туралы» қаулысына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 5000 ағаш отырғызылып, 200 шаршы метр гүлзар, 180 шаршы метр көгал орналастырылды, 20 шақырым арық пен канал, 1900 шаршы метр саябақ пен сквер тазаланды. Жалпы 2000 тонна қоқыс шығарылып, 8 сенбілікке 11 600 адам қатысты.

Аудан тұрғындарын қалдықтарды жинау және шығару қызметтерімен қамту деңгейі 96 пайызды құрайды. Бұл қызметтерді «Жасыл Қордай» ЖШС, «Айсұлтан» ЖК және «Алмаз» ЖК жүзеге асырып отыр. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу үшін қаражат бөлініп, жоба «Казэкопромстрой» ЖШС-мен бірлесіп дайындалуда.

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

Қордай ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1343,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде 308 шақырымы республикалық, 275,5 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар болса, 760 шақырымы елді мекен көшелеріне тиесілі.

Аудан аумағында жергілікті маңыздағы жолдарды күтіп-ұстау, ағымдағы жөндеу, жол белгілерін сызу және орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Аудан арқылы өтетін республикалық маңыздағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Алматы – Бішкек және Қордай – Шу автожолдарында жол қауіпсіздігін облыстық полиция қызметкерлері қамтамасыз етуде.

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында «Отар — Сұлутөр — Көктөбе» бағытындағы аудандық жолда жүргізілген орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚЫСҚЫ ДАЙЫНДЫҚ

Қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Қордай ауданының 10 елді мекеніне 18 «Сергек» жылдамдықты шектейтін бейнебақылау камерасы орнатылып, жүйеге толық қосылды. Камералар Қайнар, Сарыбұлақ, Қақпатас, Бетқайнар, Жамбыл, Степное, Әлжан ана, Қарасу, Өтеген және Масаншы ауылдарында орналасқан. Орнату орындары қауіпті аймақтар ескеріле отырып, ауыл әкімдері мен полиция бөлімдерімен келісілген.

Қысқы маусымға дайындық аясында аудан бойынша 13 бірлік техника әзірленіп, қар мен мұзға қарсы материалдардың қоры жинақталды. Сонымен бірге республикалық маңыздағы жолдарды күтіп-ұстау үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы тарапынан да барлық қажетті техника мен материалдар толық дайындалды. Қысқы маусымға арналған материалдардың қоры төмендегідей көлемде дайындалды:

  1. Тұз – 1827 тонна
  2. Елеу (отсев) – 9600 тонна
  3. Химиялық реагент – 35 тонна

Жолдарды қардан тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстарын орындау үшін дайындалған техника тізімі: КДМ техникасы – 16 бірлік, Грейдер – 3 бірлік, Шнекоротор – 2 бірлік, Трактор МТЗ – 3 бірлік, «Урал» вахталық автокөлігі – 1 бірлік, Газель – 3 бірлік, Жеңіл автокөлік – 3 бірлік, Погрузчик – 2 бірлік. Барлық техникаға қысқы маусымға қажетті жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары толық көлемде жүргізілді.

Қордай ауданында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты істердің көрінісі. Таза ауыз су, көгілдір отын, сапалы жол, экологиялық тазалық пен қауіпсіздік – аудан дамуының басты тіректеріне айналып отыр. Кешенді және жоспарлы түрде атқарылып жатқан бұл жұмыстар тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.