«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 8 шілдедегі №110-ж/қ бұйрығымен Байбосынов Дархан Самбетович «Қордай ауданындағы №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммунал-дық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Байбосынов Дархан Самбетович 1986 жылы 11 қарашада Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ.
Білімі-жоғары.
2008 жылы Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «экономика» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достастығы университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «БТА Казахстан» зейнетақы жинақтау қорында менеджер болып бастаған.
2010 жылы «НефтеГаз-дем» зейнетақы жинақтау қорында аға менеджер қызметін атқарған.
2010-2011 жылдар аралығында №18404 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген. 2011-2013 жылдар аралығында Халыққа қызмет көрсету орталығының Жамбыл облыстық филиалының Тараз қалалық бөлімінде инспектор, Жамбыл аудандық бөлімінде тәлімгер, 2013-2020 жылдары №7 «Облыстық мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаттықтырушы, 2020-2021 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшының орынбасары қызметтерін атқарған
Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.