№42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебінің мұғалімі Л.Аршабекованың ұйымдастыруымен 10 «Ә» сынып оқушыларының «Жақсылық жасап жарысайық» атты қамқорлық акциясы жоғары деңгейде өтті. Акцияның басты мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа, адамгершілікке баулу және қоғамға пайдалы іс жасауға шақыру.
Шара барысында оқушылар мұқтаж отбасыларға көмек көрсету, ардагерлерге құрмет білдіру сияқты игі істер атқарды. Сынып өз мүмкіндігіне қарай азық-түлік, киім-кешек жинап, көмекке мұқтаж жандарға табыстады. Сонымен қатар, жалғызбасты қарттардың үй шаруасына көмектесіп, олардың алғысын алды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.
Бексұлтан БАҚТЫБЕК, Ақниет БИДАЙҚҰЛ, 7 «ә» сынып оқушылары