Қордай ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінде даңқты балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің 75 жылдығына арналған «Ауыл спортын дамыту жолында» атты спорттық іс-шара өтті. Аталған шараның басты мақсаты – ауыл жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға серпін беру.
Іс-шараға спорт кешенінің ұжымы, ауыл жастары мен тұрғындары қатысып, түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар өзара бақ сынап, белсенділік танытты.
Сонымен қатар, жиын барысында қатысушыларға 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумның маңыздылығы түсіндіріліп, ел болашағы үшін әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы маңызды екені атап өтілді.
#референдум2026
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң