Үлкен Сұлутөр ауылында ауыл тұрғындарына Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру мақсатында жиын өтті. Жиын барысында жаңа жобаның негізгі бағыттары мен оның қоғам дамуына тигізер маңызы жөнінде кеңінен айтылды.
Кездесу барысында ауыл әкімі Б.Қоңырбаев сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасы елдің тұрақты дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті.
Сонымен қатар, ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Алтынбеков те өз пікірін білдіріп, жаңа жобаның қоғамдағы әділдік пен бірлікті нығайтуға ықпал ететінін айтты. Жиын соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы уақытта өтетін референдумның маңыздылығы түсіндірілді.
#референдум2026
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң