Отар ауылында 90 жастағы қария референдумда дауыс берді

0

Отар ауылында орналасқан референдум учаскесіне 90 жастағы қария Абдықасым Иманқұлов арнайы келіп, өз дауысын берді.
Қарияның бұл қадамы – ел болашағына деген жанашырлықтың және азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Жасы тоқсаннан асса да, маңызды саяси науқаннан шет қалмай, учаскеге арнайы келіп дауыс беруі – жас ұрпаққа үлкен үлгі.
Аға буын өкілдерінің осындай белсенділігі қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың, ел тағдырына деген ортақ жауапкершіліктің белгісі екені сөзсіз. Бүгінгі референдумда ауыл тұрғындары жоғары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.
Еліміздің болашағы әрбір азаматтың дұрыс таңдауына байланысты. Осындай сәттер халықтың бірлігі мен ел ертеңіне деген сенімін нығайта түсетіні сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.