Қашанда белсенді Кенен ауылының тұрғындары бүгін таңертеңнен бастап референдум учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасауда. Дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, учаске қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Келушілер саны сағат санап артып келеді. Ауыл тұрғындарының азаматтық ұстанымы айқын – ел болашағына қатысты маңызды шешімге жауапкершілікпен қарау. Бұл олардың жоғары азаматтық белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігін айқындайды.