Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 796,7 тонна ет (сойыс салмақта), 6872 тонна сүт, 1112,3 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 8,3 тонна ет, 50,5 тонна сүт, 2,9 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы есебінен мүйізді ірі қара мал саны 92452 басқа, қой 431303 басқа, ешкі 9796 басқа, жылқы 19767 басқа, шошқа 611 басқа, үй құстары 101287 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1082 басқа, қой 577 басқа,ешкі 301 басқа, жылқы 1459 басқа, үй құстары 366 басқа көбейді, шошқа 316 басқа азайды.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 6735245 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 1754328 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 4980917 мың теңгеге сатылды.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 12105572 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2025 жылғы сәйкес кезеңге 119,5% құрады.
Инвестиция. Аудан бойынша қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 15558842 мың теңгені құрады.