Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс ауылында үлкен шара өтіп, бұл ауыл тұрғындары үшін ерекше мерекелік шараға айналды.
«Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бастамасымен Жамбыл облысы аумағында «Мөлдір бұлақ» акциясы ұйымдастырылды.
Суды таза ұстау – оны қорғау деген сөз. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды лайламау, былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата-аналары «Суды сабама – балығын шошытасың», «бұлақты лайлама – құсын кетіресің», «Өзің су ішкен құдығыңа түкірме» деп тоқтау сөз айтып тәрбиелеген. «Бұлақ көрсең, көзін аш!» деп өсиет айтқан. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, ол суды адамдар тек ішу үшін ғана пайдаланбайды, егін, бау-бақша суаруға, мал шаруашылығына, өнеркәсіптің түрлі салаларында қолданады.
Бұл акцияны өткізу өлкеміздің қоршаған ортасының экологиялық жағдайын жақсартады, табиғат байлығы — бұлақ көздерін қорғай білуге, өлкеміздің табиғи ресурстарын аялауға үлгі болатыны анық.
Мақсаты – тұрғындардың эко-логиялық бұлақ суын тиімді пайдалануына сеп болу, жастарды табиғатты таза ұстауға, көркейтуге шақыру.
Белсенді жастар ауыл шетіндегі «Қайнар» бұлағының жан-жағын тұрмыстық қалдықтар, қоқыстардан тазартып, айналасына тас қалап, белгі қойды.