АРДАГЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ

0

26 сәуір — Чернобыль апатын еске алу күні, 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясында орын алған алапат апаттың 40 жылдығына арналған.

Бұл күн, бүкіл әлем бойынша техникалық апаттың зардаптары мен оның адамзатқа және қоршаған ортаға тигізген әсерін ой елегінен өткізу үшін атап өтіледі. Чернобыль апаты — тарихта болған ең ірі техногендік трагедиялардың бірі болып, экология мен адам денсаулығына жойқын әсерін тигізді.

Еске алу шаралары аясында, Қордай ауданында естелік аллеясында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға Чернобыль апатының ардагерлері, аудан тұрғындары, жастар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ жергілікті билік өкілдері қатысты.

Жиналғандар апаттың құрбандарын еске алу үшін естелік аллеядағы тас белгіге гүл шоқтарын қойып, олардың рухына тағзым етті. Бұл рәсім — трагедияның естелігін мәңгі сақтау, сондай-ақ жастарға тарихтан сабақ алу үшін жасалған маңызды қадам.

Рәсім барысында бір минут үнсіздік жарияланып, жиналғандар апаттың ауыр зардаптарын есіне алды.

Чернобыль апатының құрбандарын еске алу шаралары — бүгінгі таңда осы трагедиядан сабақ алу қажеттілігінің де белгісі.

Шарада «Отечество» славян этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Людмила Харченко сөз сөйлеп, Чернобыль апатының ауқымды масштабта болғанын, оның ауыр зардаптарының тек Украинада емес, сонымен қатар шекаралас елдерде де сезілгенін атап өтіп, ардагерлерге ерлігі үшін алғысын білдірді.

Осыдан кейін Қордай ауылдық округінің ақсақалдар алқасының мүшесі Болар Байшымыров сөз алып, апаттың адам тағдырына, экологияға, қоғамға әсерін тереңірек түсіндірді.

Чернобыль апатының салдары бүгінгі әлемде де, әсіресе жастар арасында экологиялық білім мен түсінікті кеңейтуде үлкен маңызға ие. Апаттың болғанына 40 жыл болғанымен, оның генетикалық, экономикалық және экологиялық әсерлері әлі де сезілуде. Сондықтан, бұл шара тек өткенді еске алу ғана емес, сонымен қатар жастарға экологиялық жауапкершілік жайлы сабақ беру, қауіпсіздік мәселелеріне назар аударту болып табылады.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.