Бүгінде инвестиция тарту және жаңа жобаларды жүзеге асыру өңірлердің дамуына серпін беретін негізгі бағыттардың бірі болып отыр. Бұл ретте аудан деңгейінде де жүйелі жұмыстар жүргізіліп, экономикалық әлеуетті арттыруға айрықша мән берілуде.
Аудан әкімі Бегзат Болатбеков шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесулер барысында ауданның инвестициялық мүмкіндіктері, даму бағыттары және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Тараптар өңірдің табиғи ресурстары мен экономикалық әлеуетіне назар аударып, болашақта іске асырылуы мүмкін жобалар төңірегінде пікір алмасты.
Инвесторлар аудан аумағында кешенді зерттеулер жүргізуге қызығушылық танытып, әріптестік аясында жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.
Сонымен қатар, кездесулер барысында инвестиция тартудың маңыздылығы, оның жаңа өндіріс орындарын ашуға, жұмыс орындарын құруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпалы атап өтілді. Мемлекеттік қолдау шаралары мен жеңілдіктер де инвесторлар үшін маңызды факторлардың бірі екені айтылды.
Жалпы, мұндай кездесулер өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және экономиканың түрлі салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Аудан басшылығы алдағы уақытта да инвесторлармен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға басымдық бермек.
Осылайша, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Шолпан САБАНОВА