ТАПСЫРМАЛАР УАҚЫТЫ ДА ШЕГЕЛЕНДІ

0

Бүгін аудан әкімдігінің аппараттық кеңесі өтіп, оған аудан басшысы Мәден Мұсаев төрағалық етті. Жалпы сан саланы қамтыған алқалы жиынның күн тәртібіне екі мәселе енгізілді. Бірінші сұрақ – коронавирустық инфекцияның алдын алу және екпе егу мәселелері туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Зәуреш Қадырбекова мен ауданның бас санитар дәрігері Марат Асаров баяндама жасап, бүгінгі таңда қауіпті індет ілмегіне ілінген жерлестер жайында ақпарат беріп, вирустың алдын алу бойынша жұмыстарға тоқталып, медициналық тұрғыдағы өз ойларын ортаға салды. Осы орайда Мәден Тоқтарбайұлы науқастар саны азайды деп арқаны кеңге салмай, жұмысты жандандыруды тапсырып, вакциналу мәселесі бойынша дәрігерлер ауыл әкімдерімен бірге жауап беретінін айтып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Әсіресе «Ашық» жүйесіне аса мән беруге шақыры.
Аппараттық кеңесте талқыға түскен келесі сұрақ — 2021 жылға арналған бюджет туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева баяндама жасады. Қаржының игерілуі және өзге де экономикаға қатысты мәселелер талқыланып, аудан әкімі аталмыш бөлім мен ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ауыл шаруашылығы, құрылыс және өзге де кезек күттірмейтін әлеуметтік мәселелер бар. Солардың барлығын шешу жолдарын қарастырып, жұмысты жүйелі етуіміз қажет», — деген Мәден Мұсаев бірқатар басшыларға берілген тапсырмалардың орындалар уақытын да шегелеп берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.