ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ

0

Қазақстанда 18 мамыр мен 8 маусым аралығында басталған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің тұрғын-дарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мен қолдау мақсатында ұйым-дастырылды. Бұл акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға шақыру және қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек көрсету.

Акция аясында Қордай аудандық мемлекеттік архивінің мәжіліс залында дөңгелек үстел өтті. Онда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, аудандық әйелдер қанатының мүшесі Қарлығаш Қыпшақбаева, этно-мәдени бірлестік жетекшілері, отбасын қолдау орталығының басшылары және АПБ тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының аға инспекторы Балжан Шәуе және басқа да жауапты сала мамандары қатысты. Бұл жиында ортақ мүдде үшін бас қосқан қатысушылар, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын насихаттау үшін өз пікірлерімен бөлісті.

Жиында, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жолындағы елеулі еңбектері төзімділікпен баға-ланып, бірқатар азамат марапатталды. Бұл шара, қоғамның назарын зорлық-зомбылық мәселесіне аударып, оған қарсы күреске белсенділікті арттыруды көздеді. Мұндай іс-шаралар, қоғамда-ғы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зардап шеккендерге қолдау көрсету және құқық қорғау орган-дарының азаматтарды қорғау қызмет-терін күшейту үшін ерекше маңызды.

Сондай-ақ, акция қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтап, зардап шеккендерге көмек көрсетудің тиімді тетіктерін дамытуға назар аударуға мүмкіндік береді.

Жиындағы пікірталастар, қоғамның әр мүшесіне зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және құрбандарына қолдау көрсету қажеттілігін жеткізді. Бұл акцияның жалғасы ретінде, аудандарда дөңгелек үстелдер, семинарлар мен науқандар өткізіліп азаматтардың құқықтарын қорғау, психологиялық қолдау және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланатын болады.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.