Қордай ауданында мемлекеттік рәміздерге қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілді

0

Қордай ауданында мемлекеттік рәміздерге қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілді

Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі тарапынан Қасық, Степной, Жамбыл, Бетқайнар, Қақпатас және Сарыбұлақ ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның қолданылу тәртібі мен жай-күйін тексеру, олардың талапқа сай ресми мекемелерде орналасуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындар арасында патриоттық сана мен рәміздерге деген құрметті арттыру.

Зерделеу барысында мекемелердің ғимараттарында Мемлекеттік Тудың және Елтаңбаның стандарттарға сәйкестігі, олардың дұрыс орналастырылуы мен техникалық жағдайы қаралды. Сонымен қатар, Әнұранның орындалу тәртібі мен рәміздерді насихаттау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар да назардан тыс қалмады.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.