ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ЖӘНЕ САПА

0

Қордай ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл жұмыс сапары аясында Қайнар, Сарыбұлақ және Қақпатас ауылдарына барып, әлеуметтік сала нысандарының жұмысымен танысып, олардың жай-күйіне мониторинг жүргізді.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімінің орынбасары әкімдікке қарасты жауапты бөлімдер мен мекемелер басшыларымен бірге Қайнар ауылындағы Мәдениет үйінде, дәрігерлік амбулаторияда, №32 Маяковский атындағы орта мектепте, мектепке дейінгі балалар мекемесінде және «Хазрет-лі Ибрагим» мешітінде болды. Нысандардың материалдық-техникалық жабдықталуына және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына ерекше назар аударылды.

Бұдан кейін Нұрболат Сатымқұл Сарыбұлақ ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралады. Атап айтқанда, Мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, №31 Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектеп, «Темірлан» бөбекжай-бақшасы және «Сахаба» мешітінің жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары Қақпатас ауылдық округінде жалғасты. Мұнда Нұрболат Сатымқұл ауылдық мәдениет үйінде, дәрігерлік амбулаторияда, Мұстафа Шоқай атындағы орта мектепте және «Қақпатас» мешітінде болды. Сондай-ақ Беріктас ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп пен медициналық пункттің жағдайы да назардан тыс қалмады.

Сапар барысында ғимараттардың техникалық жағдайы, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы, сондай-ақ мекемелердің өзекті мәселелері талқыланды. Анықталған мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, оларды кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.