ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАМЫР АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 1869,1 тонна ет (сойыс салмақта), 19164 тонна сүт, 5488,3 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 65 тонна ет азайды, 124,5 тонна сүт, 5,9 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы есебінен мүйізді ірі қара мал саны 99123 басқа, қой 506364 басқа, ешкі 18676 басқа, жылқы 22087 басқа, шошқа 915 басқа, үй құстары 101287 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5850 басқа, қой 3319 басқа, ешкі 374 басқа, жылқы 1686 басқа, үй құстары 366 басқа көбейді, шошқа 365 басқа азайды.

БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 19862090 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 5923344 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 13938746 мың теңгеге сатылды.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ. Аудан бойынша қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 25217313 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2025 жылғы сәйкес кезеңге 109,8% құрады.

ИНВЕСТИЦИЯ. Аудан бойынша қаңтар-мамыр айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 23507905 мың теңгені құрады.

ҚҰРЫЛЫС. Аудан бойынша қаңтар-мамыр айында орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 16320419 мың теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.