Ұлттық мұра ұлықталды

0

Ұлттық домбыра күніне арналған шара Қордай ауданында сән-салтанатпен өтті. Бұл маңызды шара аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен этномәдени бірлестіктердің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде ұйымдастырылды. Іс-шараның негізі мақсаты – жастарға қазақтың мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, қасиетті домбыраның мәртебесін арттыру.

Бірегейлік пен ұлттық мақтаныш сезімін ұялатып, жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру үшін іс-шараның басты бөлігі Қордай аудандық перзентханасында сәбилердің салтанатты түрде үйлеріне шығарылуы айрықша мәнге ие болды. Шарада жаңадан дүниеге келген сәбилердің отбасыларына ұлттық домбыралар тарту етілді. Бұл сәт, сөзсіз, ата-аналардың жүрегіне ерекше қуаныш сыйлады.

Шара аясында, домбыраның тарихы мен оның маңызы туралы көптеген ақпарат берілді. Ата-аналар мен жастарға, домбыраның халқымыздың рухани мәдениетінде алатын орны, оның музыкалық әлеміндегі ролі түсіндірілді. Домбыраның дыбысы, оның халқымыздың ән-жырларында ойналуы, замандар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрлеріміз бен бағыт-бағдарымызды жалғастыратыны туралы сөз болды.

Әр отбасы мен ұрпаққа домбырамен таныстыру, халқымыздың шығармашылық әлеуетін арттыру мен жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын ояту іс-шараның басты міндеті.

Іс-шара барысында, аудан өнерпаздарының домбыраның өрілген әуендері қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Өнерпаздардың домбырамен құрылған әуендері, халық әндері мен күйінің жұртшылық арасында жаңғыруы – ұлттық рухтың қайта оянуына түрткі болып, жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын күшейтеді.

Қордай ауданында ұйымдастырылған ұлттық домбыра күні, шын мәнінде, ұлттық рухымызды оятуға, халқымыздың мәдени қайнарларын жаңғыртуға септігін тигізеді. Болашақ ұрпақтың бойына ұлттық мәдениетті сіңіріп, осы жолда дұрыс бағыт беру – біздің міндетіміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.