Қордай ауданында құрылыс қарқыны жоғары

0

Қордай ауданында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Биыл аудан көлемінде 16 ірі құрылыс жобасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде 8 нысан толық аяқталса, 5 жоба жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, ал 3 жоба келесі жылға өтпелі.

Ауданда суару жүйелерін жаңғырту, ауыз су желілерін салу, әлеуметтік нысандар тұрғызу, спорт инфрақұрылымын дамыту және жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

🔹 Сарыбұлақ ауылындағы «Благовещенский» суару каналы қайта жаңғыртылуда;
🔹 Гвардейск, Қарасай батыр және Күнбатыс-2 ауылдарында ауыз су жүйелері салынуда;
🔹 Қордай ауылында Достық үйі мен аудандық сот ғимаратының құрылысы жүргізілуде;
🔹 Үлкен Сұлутөр ауылындағы спорт кешені мен Қордай орталық стадионы жаңартылуда;
🔹 «Қарасу – Масаншы – Сортөбе» және «Қаракемер – Керу» жолдары жөнделуде;
🔹 Газдандыру және ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Аталған жобалардың барлығы аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, елді мекендердің әлеуетін нығайтуға және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.