«Ұлт ұстазы – Ыбырай»

0

Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты жасөспірімдер мен балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Балауса» балаларды сауықтыру лагерінде қазақтың тұңғыш ағартушысы, ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ұлт ұстазы – Ыбырай» атты шығармашылық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқау үш кезең бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдері мен шығармашылықтарын жоғары деңгейде көрсетті. Байқауға 9 үміткер қатысып, олардың өнерін «Балауса» лагерінің аға тәлімгері Жазира Абдибакиева мен Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының міндетін атқарушы Альбина Махамбетова Қалжоновна бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлдеге Владимир Ретинский, І орынға Амина Бозымбекова, ІІ орынға Алина Жұматай, ІІІ орынға Абу Сарсенбай ие болды.

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, Ыбырай Алтынсариннің мол мұрасын дәріптеуге ықпал етеді.

Дилназ Баянбаева, Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты жасөспірімдер мен балалар кітапханасының әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.