Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Іссапар Биназар және Мойынқұм ауылдарындағы ауыз су нысандары мен су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысудан басталды.
Қазіргі таңда осындай жобалар Бірлік, Шығанақ, Құмөзек ауылдары мен Мыңарал станциясында да жүргізілуде. Ауызсу инфрақұрылымын жаңғыртуға жалпы 8,5 млрд теңге бөлінген.
Өңір басшысы құрылыс жұмыстарын тұрғындарға қолайсыздық келтірмей, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауылындағы күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бөлімінде болды. Бұл бөлімше 28 мыңға жуық аудан тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.