Қордай ауданында Конституциялық реформалар мен Құрылтай сайлауының маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары түрлі еңбек ұжымдарында жалғасуда.
Осы бағыттағы кезекті кездесуді Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының Қордай аудандық өндірістік бөлімшесінің және Қордай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұжымдарымен өткізді.
Кездесу барысында Нұрдин Садыков Конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, Құрылтай сайлауының елдің қоғамдық-саяси дамуындағы маңызы туралы баяндады. Сондай-ақ азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы, заң үстемдігін нығайту және қоғамның дамуына әрбір тұрғынның үлес қосуының маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу ашық әрі еркін диалог форматында өтті.