«Аяла» отбасын қолдау орталығының мамандары аудандық полиция бөлімі және Отар ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен бірлесіп, Отар ауылындағы жайсыз отбасыларға зерделеу жұмыстарын жүргізді.

0

«Аяла» отбасын қолдау орталығының мамандары аудандық полиция бөлімі және Отар ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен бірлесіп, Отар ауылындағы жайсыз отбасыларға зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, ата-аналармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасындағы тәрбиені күшейту және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында тиісті ұсынымдар берілді.

Зерделеу нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша жауапты мекемелер тарапынан қажетті қолдау көрсету және бақылау жұмыстарын жалғастыру көзделуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.