Басты назарда — балалар қауіпсіздігі

0

Қордай ауданында балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелері бойынша маңызды комиссия отырысы өтті. Бұл жиын мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқығы мен олардың заңды мүддесін қорғауды қамтамасыз ету және әсіресе жазғы демалыс кезеңінде, балалардың қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аудару мақсатында өткізілді.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл төрағалық еткен бұл комиссия отырысында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы жан-жақты қаралды. Жиын барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қорғауда тұрған әлеуметтік осал топтарын қолдау және олардың өмір сүру жағдайын жақсарту бағытындағы шаралар қарастырылды. Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз, әрі пайдалы өткізуі үшін жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын қатаң қадағалау міндеттелді.

Комиссия мүшелері балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған түрлі мәдени, спорттық және әлеуметтік бағдарламаларды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызмет қызметкерлерінің өзара үйлесімді жұмысы қажеттігі кеңінен талқыланды. Әсіресе, білім беру салаларының өкілдері балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғаудағы өз міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін нақты шаралар туралы есеп берді.

Жиын барысында әлеуметтік осал топтағы отбасылармен жұмыс жасаудың тиімділігін арттыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Бұл отбасылардан шыққан балалардың демалыс кезінде қауіпсіздігі мен қолдауын қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет екені атап өтілді.

Әлеуметтік қызметкерлер мен педагогтар балалардың құқықтарын бұзбау мен олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін үйлестірілген жұмыс жүргізуі тиіс.

Нұрболат Ақынғалиұлы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауды қолға алу қажеттігін баса айтты. Оның айтуынша, балалардың жыл бойы, соның ішінде демалыс кезеңінде де қауіпсіздігі бірінші кезекке қойылуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі ұйымдастырылып, қоғамның барлық деңгейінде қолдау табуы қажет.

Аталған комиссия отырысы балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылығын тағы да дәлелдеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы іс-шаралар жүйелі әрі тиімді түрде жүзеге асырылып, әрбір баланың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалатынына сенім мол екенін атап өтуге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.