САЙЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ САПАСЫ –
КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
2026 ЖЫЛҒЫ 23 ТАМЫЗҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ АЯСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛҒЫ 5 ТАМЫЗДА ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ АУМАҚТЫҚ ЖӘНЕ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ.
Оған Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, Қордай аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық прокуратура өкілі, аудандық полиция қызметінің басшысы, аудан әкімдігінің бөлімшелерінің басшылары, аумақтық сайлау комиссиялары жанынан құрылған жас сайлаушылар клубтарының мүшелері, комиссия мүшелеріне қаралған резервтік құрам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бекітілген оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, сайлау заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, сайлау процесі кезінде құқықтық нормаларды қолдану.