«Ел болашағы – жалынды жастар» ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР АЯСЫНДА, СОНДАЙ-АҚ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРАКЕМЕР ЖӘНЕ ОТАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ФЕСТИВАЛЬ ӨТКІЗІЛДІ.

0

«Ел болашағы – жалынды жастар»
ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР АЯСЫНДА, СОНДАЙ-АҚ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРАКЕМЕР ЖӘНЕ ОТАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ФЕСТИВАЛЬ ӨТКІЗІЛДІ.
Осыдан жиырма жыл бұрын құрылған «Жастар ресурстық орталығы» бүгінгі таңда ауданның ең басты жастар саясатын жүзеге асыратын мекемелерінің бірі ретінде танылып, өз қызметін абыроймен атқаруда. Фестиваль ашық аспан астында өткізіліп, қатысқан аудан жастары өз өнерлерін жан-жақты көрсетті. Ән айтып, би билеп, өзінің шығармашылық қабілеттерін паш етті. Сонымен бірге, жиналған жастар арасында спорттық және зияткерлік сайыстар ұйымдастырылды. Ауданның ең белсенді, білімді жастары түрлі спорттық жарыстар мен интеллектуалдық ойындарда сынға түсті. Бұл жарыстар жастардың физикалық жетістіктерін ғана емес, сондай-ақ олардың логикалық ойлау қабілетін де арттыруға бағытталған маңызды шара болды. Жарыс барысында жас спортшылар өз шеберліктерін көрсете білді. Интеллектуалдық ойындарда қатысушылар жан-жақты білімімен, зеректігімен көзге түсті Мұндай белсенділік жастардың тәрбиесі мен дамуына оң ықпал етіп, олардың қоғамға деген жауапкершілік сезімін арттыра түседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.