ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫНА ТАНЫМДЫҚ САПАР

0

⚜️ ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫНА ТАНЫМДЫҚ САПАР ⚜️
Бүгін аудандық тарихи-өлкетану музейіне ҚР ІІМ КҚБК Жамбыл облысы МКҚБ ММ 2-ші полиция батальоны Қордай ауданы жеке құрамының қызметкерлері келді. Танымдық сапарды взвод командирі, полиция капитаны Б.Темиржанов және взвод командирінің орынбасары, полиция аға лейтенанты Р.Керимбаев ұйымдастырды. Музейге келген қонақтар Қордай ауданының тарихымен танысып, музей экспозицияларын тамашалады. Экскурсия барысында өңірдің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы, археологиялық жәдігерлері, ұлттық тұрмыс-салт бұйымдары, мәдени-тарихи мұралары және ауданның дамуына үлес қосқан белгілі тұлғалар туралы мәлімет берілді. Музейге жасалған бұл сапар Қордайдың бай тарихын танып-білуге және тарихи мұраға деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.