Қазақстан біртіндеп студенттердің басым бөлігін шетелде оқытудан өзінің халықаралық білім беру орталығын қалыптастыруға көшуде

0

Қазақстан біртіндеп студенттердің басым бөлігін шетелде оқытудан өзінің халықаралық білім беру орталығын қалыптастыруға көшуде. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанадағы «Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға» атты National Think Tank Forum-ында сөйлеген сөзінде айтты.

Министрдің айтуынша, қысқа мерзім ішінде Қазақстанда жетекші шетелдік университеттердің 33 филиалы жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда қазақстандық жоғары оқу орындарында 92 елден келген 37 мыңнан астам шетелдік студенттер оқиды.

Жаңа модель білім беру мен зерттеудің халықаралық стандарттарын тікелей Қазақстанға көшіруге, жастардың ел ішіндегі шетелдік білім беру бағдарламаларына қолжетімділігін кеңейтуге және бір мезгілде шетелдік студенттерді, оқытушылар мен зерттеушілерді тартуға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.