«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында №1 Цемзауыт ауылдық кітапханасында «Тағдыр романын бірге оқиық» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға №5 Қ. Сәтпаев атындағы орта мектептің 4 «А» сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға «Тағдыр» романының шебері Қабдеш Жұмаділовтің әлеміне, жазушының рухына тағзым етіп, шығармаларымен таныстырылды.
Сонымен қатар оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, кітаптарға шолу жасалды. Қатысушыларға туған тарихына, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттырған рухани кеш өтті.