Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бірлік ауылында Оралбек Нұрмұхамбетұлы 1995 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келеді. Кәсіпкер «Бәлке» шаруашылығының негізін қалап, бүгінде оның жетекшісі болып жұмыс істейді. Шаруашылықтың негізгі бағыты – көкөніс және сүт өндірісі. Сонымен қатар бақша өнімдерін өсірумен де айналысады. Кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруашылыққа қажетті техникаларды «ҚазАгроҚаржы» арқылы лизингке алып отыр. Заманауи техникалардың көмегімен егістік алқаптарын суару жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ шаруашылық «Кең дала» бағдарламасы арқылы 5 пайыздық несие алған. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде инфрақұрылым тартылып, шаруашылыққа су мен электр энергиясы жеткізілген