Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен екі заманауи жылжымалы медициналық кешенмен толықты.

0

Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева қатысты.

Жалпы құны 1,1 млрд теңгеден асатын арнайы автокөліктердің біріне компьютерлік томограф, екіншісіне цифрлық маммограф пен сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеу аппараты орнатылған. Жылжымалы кешендер, ең алдымен, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Ербол Қарашөкеев құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.