🇰🇿🇰🇷 Сеулдегі келісімдер: Қазақстан өз байлығынан қалай көбірек пайда таба алады?
Кореямен ынтымақтастықтың Қазақстан үшін басты мүмкіндігі — табиғи байлықты технологиямен ұштастырып, ел ішінде жаңа өндіріс қалыптастыру. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында қол қойылған 19 млрд долларлық коммерциялық келісімдердің стратегиялық мәнін осы тұрғыдан бағалауға болады. Бұл — алдағы жобалардың ауқымын көрсететін сома. Нақты қайтарымы олардың қаншалықты сапалы іске асатынына байланысты.