Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 5658,6 тонна ет (тірідей салмақта), 32009 тонна сүт, 13452,8 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1976,1 тонна ет кем өндірілді, 383,5 тонна сүт, 47 мың дана жұмыртқа артық өндірілді.
Мал басы есебінен мүйізді ірі қара мал саны 90511 басқа, қой 481559 басқа, ешкі 8367 басқа, жылқы 23467 басқа, шошқа 691 басқа, үй құстары 2132211 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 1232 басқа, қой 1672, ешкі 14 басқа, жылқы 3035 басқа үй құстары 187652 басқа көбейді, шошқа 158 басқа азайды.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 35241629 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 8746769 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 26494860 мың теңгеге сатылды.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 39152348 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2025 жылғы сәйкес кезеңге 106,4% құрады.
Инвестиция. Аудан бойынша қаңтар-тамыз айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 34345797 мың теңгені құрады.
Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-тамыз айында орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 23589790 мың теңгені құрады.