🥋 Азиада-2026: Әлижан Аблағатов ушудан алғашқы медальді жеңіп алды

0

Азиада-2026: Әлижан Аблағатов Қазақстан қоржынына ушудан алғашқы жүлдені салды

🇰🇿🥉 Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Әлижан Аблағатов Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық спортшы ушу-саньдадан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жартылай финалда Әлижан Аблағатов Иран өкілі Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қарсыласы жеңіске жетіп, Әлижан Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.

Бұл — Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарында ушудан жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Сонымен қатар ұлттық құрама тағы бір жүлдеге кепілдік беріп отыр. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абдурашид Абдуллаев финалға шығып, алтын медаль үшін күреседі. Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қытай Тайбэйінің өкілі Хуан Жанды жеңді. Бұған дейін ширек финалда Абдуллаев Непал өкілі Санджив Махарджанды мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.