ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ

0

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп бекіткен 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту жөніндегі жол картасын іске асыру мақсатында Қордай ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.

Аудандық деңгейде 1–2 қазан күндері ұйымдастырылған бұл тартысты дебатқа 16 мемлекеттік қызметшіден құралған 8 команда қатысты. Пікірсайыстың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің озық ой-өрісін кеңейту, шешендік қабілетін жетілдіру, сыни ойлау мәдениетін қалыптастыру және азаматтық ұстанымын арттыру.

Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар өздерінің терең білімдерін, тапқырлығын, логикалық дәлел келтіру шеберлігін танытып, ойларын еркін әрі жүйелі жеткізе білді. Қатысушы тараптар қарсы пікірге зор құрметпен қарап, пікірталас мәдениетін жоғары деңгейде сақтай отырып, өз ұстанымдарын жан-жақты қорғап шықты.

Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орынды А.Кеңес пен Б.Қалдыбек иеленсе, ІІ орынды Ж.Орақбай мен М.Талтакова канжығасына байлады, ал ІІІ орын Б.Момынқожа мен Ж. Тілектеске бұйырды. Сонымен қатар дебат барысында ерекше тапқырлығымен және шешендік өнерімен көзге түскен қатысушылар мен топтар «Үздік спикер», «Үздік аргумент», «Пікірсайыстың жарқын дауысы», «Көрермен көзайымы», «Үздік командалық жұмыс», «Сыни ойлау шебері» және «Нұрлы ақыл иесі» номинацияларымен марапатталып, жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен сөз саптау шеберлігін шыңдаған мұндай танымдық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.