Олардың қатарында Жамбыл облысының екі педагогі де бар. «№7 орта мектеп» КММ мұғалімі Нұржан Егізбаев «Ерен еңбегі үшін» медаліне, ал Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының педагогі Александр Лысенко «Шапағат» медаліне ие болды.
Мемлекеттік наградалар білім беру саласындағы кәсіби еңбегі, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруге қосқан үлесі үшін табысталды.
Ұстаздар күні қарсаңында берілген бұл марапаттар педагогтердің еңбегіне көрсетілген жоғары құрметтің белгісі. Жамбылдық ұстаздардың жетістігі өңірдегі білім саласының дамуына қосылған үлестің тағы бір көрінісі.