«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 20 желтоқсанға Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Бетқайнар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.
Төраға А.Сырлыбаев
Хатшы Г.Ниязгулова
Қордай ауылы / 11 қараша 2026 жыл / №10