Екінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (БҰҰ ФАО) қолдауымен 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтті. Ол шамамен 20 жыл ішінде осындай көлемдегі ауыл шаруашылығы саласына жүргізілген алғашқы зерттеу болды және 2006-2007 жылдардағы алдыңғы санақ кезіндегі өзгерістерді бағалауға мүмкіндік берді.
Жамбыл облысы бойынша санақпен 33 мың ауыл шаруашылығы құралымы мен 120,3 мың жеке қосалқы шаруашылық қамтылды. Ауыл шаруашылығы құралымдарын қамту – 96,2 пайызды, жеке қосалқы шаруашылықтарды қамту – 97,7 пайызды құрады.
Деректерді жинау цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүргізілді. Онлайн-санақтан ауыл шаруашылығы құралымдарының 98 пайызы және жеке қосалқы шаруашылықтардың 29 пайызы өтті. Респонденттерге барған кезде интервьюерлер планшеттердегі санақ парақтарын толтырды.
Санақаралық кезеңде ауыл шаруашылығы құралымдарының саны 109,9 пайызға 15,7 мыңнан 33 мыңға дейін өсті. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны – 0,5 мыңнан 1 мыңға дейін, ал шаруа қожалықтары мен фермерлік қожалықтар және жеке кәсіпкерлер – 15,2 мыңнан 32 мыңға дейін өсті.