МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ МЕРЕКЕ

0

Балаларды қорғау күні – бүлдіршіндердің ең қуанышты және жыл сайын асыға күтетін мерекелерінің бірі. 1 маусым күні №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында мектеп жанындағы «Балдырған» лагері мен «Жазғы мектеп» жобасы аясында балалар үшін салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.

Жиынға барлық 1-7 сынып оқушылары, сынып жетекшілері қатысты. Мектебіміздің директоры С.Сарғаскаева бүлдіршіндерді 1 маусым балаларды қорғау күнімен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді. Жиында балалар ән шырқап, би билеп өнерлерін көрсетті. Мектеп мұғалімдері демеуші болып мерекеге үлкен анимациялық «Ақ Аю» шақырды. Ал, мектебіміздің жас мамандары аниматорлық костюмдерін киіп, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Балғын балақайларды мерекелерімен құттықтай келген жеке кәсіпкер Станислав Аманбаев демеушілік көрсетіп, барлық балаларға тәтті балмұздақтар таратты. Перзенттерінің тәтті күлкісі мен қуанышты жүздерінің куәсі болған ата-аналар осындай мереке ұйымдастырған жандарға үлкен алғыстарын жеткізді.
Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз! Балаларды қорғау – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Ендеше балаларымыз ешқашан жыламасын!

№1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
директорының орынбасары А.Абдибек

Leave A Reply

Your email address will not be published.